Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ТҮРКІСТАНДА НЬЮ — ЙОРК БАСПАЛДАҒЫ БОЙ КӨТЕРДІ

Түркістан қаласында ашық аспан астында өтетін думанды мерекелерге арналған жаңа алаң пайда болды. Шаһардағы Есімхан алаңында әлемге әйгілі Нью-Йорк баспалдағы салынуда. Ашық аспан астында орналасқан ерекше дизайнды демалыс орнында «Open Space» үлгісіндегі іс-шаралар, сан алуан сайыстар мен фестивальдер өткізіледі. Түркістандықтар мен өңір қонақтары үлкен экранда тегін фильмдер мен футбол ойындарын тамашалай алады.

Тұрғындарды мәдени, рухани жағынан байыту, оларды бірлікке шақыру, жаздың кешкі күндерін көңілді өткізуге септігін тигізу мақсатында қолға алынған жаңа жоба бір бірдан соң іске қосылады, деп жоспарлануда. Ашық сахналы, айналмалы баспалдақты демалыс орнының биіктігі – 4,5 метр, ені – 11 метрге есептелген. Ерекше сәулетімен таң қалдыратын Нью-Йорк баспалдағы жастар мен туристердің сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз.

Түркістан қаласында құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр. Құрылысшылар еңбек қауіпсіздігімен қатар, төтенше жағдай ережелерін қатаң ұстануда. Барлық санитарлық талаптар күшейтілген.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте электр арасын ұрлап кеткен азамат анықталды

admin

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА КӨКТЕМГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

admin

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ПЕН  СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

admin