Солтүстік өңірге қоныс аударған түркістандықтардың жаңа өмірімен танысу мақсатында теріскейге келген түркістандық журналистер СҚО әкімінің орынбасары Сақыпкереев Асқар Жоламанұлымен кездесті. Келелі кеңесте солтүстікке көшіп келгендердің тұрмыс-тіршілігіне тоқталған облыс әкімінің орынбасарының айтуынша, жеке кәсіппен айналысамын деген азаматтарға қажетті жағдай жасалып, жер учаскелері бөлінеді, құрал-жабдықтарды алуға гранттар беріледі, мал басы мен құс алуға 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін субсидиялар қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында несиелер беріледі.
