Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

«Ұлы дала рухы» фестивалі

Алматыда II халықаралық «Ұлы дала рухы»этнофестивалі өтті деп хабарлайды nur.kz

«Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде «Ұлы дала рухы» — «Дух великой степи» этномәдени фестивалі өтіп, оған Әзірбайжанның, Болгария мен Венгрияның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің,Словакияның, АҚШ-тың, Түркияның өкілдері қатысты.Алматыда II халықаралық "Ұлы дала рухы" этнофестивалі өтті

Этноауылға келгендер кәсіби бүркітшілердің, шабандоздар мен көкпаршылардың, садақшылардың, батырлардың шеберліктеріне тәнті болып, ұлттық ойындарға қатысып, ұлттық ас мәзірінен дәм татты. «Ұлы дала рухы» фестиваліне келгендердің барлығы қазақтардың және басқа да түркі халықтарының бай мұрасымен танысты.Алматыда II халықаралық "Ұлы дала рухы" этнофестивалі өтті

Фестивалге келушілер екі күн ішінде көшпенділердің өміріне еніп, олардың ежелгі тұрмысымен, тарихи салт- дәстүрлерімен, әдет- ғұрыптарымен танысып, қазақтардың көне тұрмыс- тіршілігінен хабардар болды,ертедегі қолөнершілердің құпияларын біліп, шеберлік сыныптарынан дәріс алып, кизібен, терімен, күміспен, балшықпен жұмыс істеудің көне технологиясын меңгерді.Алматыда II халықаралық "Ұлы дала рухы" этнофестивалі өтті

 

Алматыда II халықаралық "Ұлы дала рухы" этнофестивалі өтті

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп, екі миллион теңгесінен айырылды

admin

«AMANAT»: БІР ТОП МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ЕКІ АУДАН ХАЛҚЫНА ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІ

admin

ТҮРКІСТАНДА МҰЗ САРАЙЫ САЛЫНУДА

admin