Қазақстанда ақыл-ой қабілеттілігін сынауға бағытталған, үстел үстінде ойналатын жаңа “Қазақ хандығы” деп аталатын ойын шықты деп хабарлайды qazaqjoly.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Фейсбуктегі Настольная игра Қазақ Хандығы үстел ойыны парақшасында жарияланған болатын.

Ойын шарты бойынша, төрт қарсылас сұлтан рөлінде болып, хан атануға талас жүргізеді. Өз туының астына ең көп ру жинай алған ойыншы, хан болып сайланады.

Ойын жинағының ішінде екі тілде жазылған түсініктеме, ойын алаңы, қатысушылардың туы, 30 іс-әрекет картасы, 20 қаһарман картасы, 80 киіз үй жетоны, 80 билік жетоны бар.

Олардың жалпы бағасы – 19 990 теңге.
https://www.facebook.com/playkiiz/videos/835184256637658/
