Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Мәдениет

Оқушылармен кездесу өткізілді

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері Ардақ Бейсенова Түркістан қаласындағы № 21 жалпы орта мектебіндегі оқушылармен кездесті.
Маңызды басқосу барысында «Серінің саңлақ əні» тақырыбында лекция оқып мектеп оқушыларымен пікір алмасты. Бұл тұста өскелең ұрпақтың да айтары мол. Ұлттық дəстүр, ұлылар ұлағатын ұлықтау мəселелері елімізде өсіп келе жатқан ұрпақ баласының да ойлы пікірі мен өзіндік құрметіне ие. Осы тұста оқушыларға жолданған сауалдар толыққанды жауаптармен қуантса, балалардың да жеке көзқарастары мəдениет пен руханият саласына деген жетік пікірлерге толы.
Шара соңында  Р.Сейтметов атындағы Түркістан драма театрының актері, дәстүрлі әнші Садықбеков Қанат жиналған көпшілікке  Сәкен Сейфулиннiң «Тау ішінде» және Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ — 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

admin

«Қасиетті шаһар — балалар көзімен» онлайн көрмесі өтті.

admin

ТҮРКІСТАН: ҮШ ЖЫЛДАН АСТАМ ЖАБЫҚ ТҰРҒАН ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ КҮМБЕЗІН ҚАЙТА ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

admin