Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныМәдениет

ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАНДАР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТУҒА АТСАЛЫСАДЫ

«Қазқайтажаңарту» кәсіпорнының директоры Асылхан Садуов пен бас кеңесші Қанат Тұяқбаев Өзбекстан Республикасына арнайы іссапармен барып,    бірқатар келіссөздер жүргізді.  Түркістан қаласындағыҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи орындарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру аясында  Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Madaniy meros ta’mirlash-tiklash» мемлекеттік кәсіпорны басшылығымен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы ғылыми байланыстарды тереңдету, ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру жобаларын әзірлеу, білікті мамандарды қамти отырып бірлесе жұмыс атқаруға бағытталған меморандумға түзілді. Сондай-ақ, қайта қалпына келтіруге арналған  кірпіштерді даярлайтын өндірістік базаларды аралаған қазақстандық делегаттар құрылыс жұмыстарына қатысты көптеген мәселелерді де талқылады.

Ұқсас жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰНЫ 25 МЛН. ТЕҢГЕ БОЛАТЫН ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ ТЕГІН ҰСЫНДЫ

admin

Шымкент: Тергеушілер оқиға болған жерді қараудың әдіс-тәсілдерін үйренді

admin

ШЫМКЕНТ: «БИЗНЕСКЕ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 550-ДЕН АСТАМ КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

admin