Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Бас мақалаМәдениет

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАС ШЫРШАНЫҢ ШАМЫН ЖАҚТЫ

Шымкент қаласының бас шыршасының шамы жағылды. Әл-Фараби алаңында орнатылған жаңа жылдық шыршаның шамдары 19:00-де жағылды.

Жаңа жылдың басты нышаны шыршаның шамын жағу рәсіміне үшінші мегаполистің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, барша қала тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Мерекелік кеште 100 Аяз ата мен Қарша қыз және ертегі кейіпкерлері мен аниматорлар, бойшаң қуыршақтар кішкентай көрермендердің көңілін көтерді. Сонымен қатар, келушілер «Кейіпкерлер шеруі», «Қызықтан қалма, қалқатай!» және «Достық поезді» сахналық театрландырылған музыкалық — хореографиялық композициясын, «Қош келдің, Жаңа жыл» сахналық хореографиялық көрсетілімі мен «Шырқа, жасыл шырша маңында» концерттік бағдарламасын тамашалады. Мерекелік шараға 500-ге жуық өнерпаз қатысты.

Шымкенттегі жаңа жылдық шыршаның биіктігі 15 метрді құраса, салмағы 1 тоннаға жуық. Бас шыршаны безендіру үшін 440 метр жарық шамдар, 240 дана алтын шарлар, 540 дана басқа да ойыншықтар  мен 3400 метр гирлянды жұмсалды.

Бұдан басқа, әкімшілік іскерлік орталығының алаңына да 15 метрлік шырша орнатылды. Ал, қаланың орталық көшелері 180 тақырыптық кіші сәулеттік мүсіндер мен 400-ден астам жаңа жылдың символы болатын түрлі жарық шамдар және 9 керме тартпамен безендірілді.

Ұқсас жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКИЯ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

admin

ШЫМКЕНТТЕ ANTIKOR ORTALYǴYСЕРВИСТІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin