Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныМәдениетРуханият

«ТҮРКІСТАН – ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ ҒОЙ!» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Түркістанда «Түркістан — Ер Түріктің бесігі ғой…» атты республикалық әдеби байқауы басталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облыстық Ішкі саясат басқармасы және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастырып отырған байқау тарихы тереңге тамыр тартқан, Елбасы Жарлығымен облыс орталығына айналған Түркістанның мәртебесін көтеру мақсатында қолға алынған.
Ұлы Тұранның орталығы – Түркістанды насихаттауға арналған әдеби додаға республикамыздың кез-келген өңірінен қаламгерлер қатыса алады. Байқау проза және поэзия жанрлары бойынша өтеді. Оған шығармаларды 13 наурыз бен 7 маусым аралығында жолдауға болады.
Әр жанр бойынша жүлделер бөлек анықталып, жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Байқауға түскен шығармаларды ақын-жазушылардан, ғалымдардан, сыншылардан, кітапханашылардан, өнер және мәдениет қайраткерлері мен қоғам қайраткерлерінен құралған әділ қазылар алқасы сараптайды. Жүлдегер атанған шығарма авторлары Елбасының Түркістан қаласын облыс орталығына айналдыру жөніндегі Жарлығының 1 (бір) жылдығына орай, яғни, 19 маусымда Түркістан қаласында өтетін марапаттау рәсіміне шақырылады. Жеңімпаз бен жүлдегерлер қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталады.  Түркістан Өңірлік коммуникация қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Құт пен берекенің символы — Тайқазан» көрмесі ашылды

admin

Демократия дегенiмiз жамырап, жұрт ойына келгенiн iстеу емес

admin

Қазақстанның әуе күші заманауи зениттік зымыран кешенімен нығайтылды

admin