Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Мәдениет

«Яссы-Күлтөбе» қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналады

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ескерткіштер тізіміндегі Республикалық маңызы бар «Күлтөбе»  қалашығы (І мың жылдық ортасы –ХІҮ ғ.) — Қазақстандағы көне қала орны. Қалашық  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 м  жерде  орналасқан, сопақша келген, биіктігі 9 м, аумағы 150х120 м ауқымды төбешік.
Қалашықта археологиялық қазба жұмыстарын ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан бөлінген грантқа «Түркістан экспедициясы» (жетекшісі т.ғ.к. Е.Смағұлов) жүргізіп келді. 2013-2014 жж. қалашық аумағын табиғи факторлардан қорғау үшін металоконструкция құрастырылып, төбесі уақытша материалмен жабылған.
2017 жылдан бастап ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша археологиялық қазба жұмыстарын «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты»  жүргізуде. Сондай-ақ, «Қазқайтажаңғырту» РМК тарпынан «Күлтөбе» қалашығы ескерткішінде жоспарға сай ағымдағы жылдың  17 қарашасынан бастап төбесін жабу жұмыстары іске асырылады.
«Күлтөбе» қалашығындағы ғылыми-зерттеу және реставрация жұмыстары ескерткіштің барлық тарихи кезеңдерін анықтап, нәтижесінде қалашықты ашық аспан астындағы музейге айналдыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АБАЙ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

admin

ОҚО ӨНЕРПАЗДАРЫ КАСТАМОНУ ҚАЛАСЫНА АТТАНДЫ

admin

Түркістанда алғаш рет «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқауы өтті

admin