Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

А.ЕЛГЕЗЕК, ақын: …келешегiне немқұрайлы қарайтын ұлтпыз

Біз қолы­мыз­дан кел­­ген негізгі шар­уа­ларды жаса­дық. Оған да тәуба. Сол уақыт­тың жартысында елді тонаумен айналыстық. Жерді тонап жатып, өз ұрпағымызды тонап жатқа­нымызды, ұлы бабалардың аманатын аяқ асты еткенімізді ұғын­бад­ық. Көрінгеннің уысында кеткен байлық бізге гүлденген ғылым-білімді, сәулетті қалаларды, жаңа техно­ло­гияларды, мықты әскерді, қарқын­ды демографиялық ахуалды жасауға мүмкіндік берер еді. Әттең десейші. Құқығымызды таптады, үндемедік. Байлығымызды талан-таражға салды, қыңқ демедік. Қазақ қойдан жуас десе, мәз боламыз. Бәрін айт та, бірін айт, біз өз тағдырына, өз мемлекетіне, өміріне, келешегіне немқұрайды қарайтын ұлтпыз.

ult.kz

Ұқсас жаңалықтар

Нұржан ӘЛТАЕВ, Мәжіліс депутаты: … мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды доғару керек

admin

Б.ТҰРЫС, актер; Тыйым көрмеген баладан тексiз шығады

admin

Досым Сәтпаев: …кедейдің үнемдейтіні 5500 теңге ғана екен. 

admin