Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

А.ҚОҢЫРОВ, Мәжіліс депутаты: … көлеңкесiнде қалып қойды.

   Қазір қазақстандықтардың 43 пайызы тұратын ауыл тұрғындарының көптеген мәселесі де ескеруді қажет ететіні көрініп қалды. Күнкөріс минимумынан төмен табыс табатындардың үлесі ауыл тұрғындарының арасында қалалықтармен салыстырғанда төрт есе көп. Ал орташа табыс ауыл тұрғындарында орташа республикалық еңбекақыдан 1,7 есе төмен. Барлық өзін-өзі қамтитындардың 42 пайызы ауыл шаруашылығы саласының үлесінде. Жағдай осындай болғандықтан, тым болмаса ауыл мен қала тұрғындарының әлеуметтік және инфрақұрылымдық мүмкіншіліктерін жақындату мәселесін қарастырған жөн. Әрине жұмсаудың сапалы тетігін анықтамай жатып қаражат бөлудің тиімділігі шамалы болатынын біз түсінеміз. Мұны ауыз сумен толық қамтамасыз етуді мақсат еткен «Ақ бұлақ» бағдарламасына бөлінген миллиардтардың тиімсіз жұмсалғанынан-ақ көруге болады. Сондықтан ауылдық аумақтарды дамытудың кешенді бағдарламасы жасалуы керек, ал ол бүгін, өкінішке қарай аймақтарды дамыту бағдарламасының көлеңкесінде қалып қойды.

«ЕҚ»

Ұқсас жаңалықтар

Дариға Назарбаева, Сенат спикері: … далаға шашылып жатыр

admin

Болатхан Махатов, а.ш.ғ.д., профессор: … ұлттық тәрбиенің әлсіреуінде жатыр

admin

Д.АБАЕВ, ҚР АжК министрі: .. газеттер өзiнiң маңызын жоғалтпайды

admin