Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

А.ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик: Сiз бүгiнмен мақтаныңыз

Қазіргі дамыған заманда қазаққа технократ керек. Өйткені біз ертең сөз ұйқастығы, әдемілігімен алға шығып кете алмаймыз. Оны сіз мойындайсыз, мен мойындаймын. Балаңыз мойындамайды. “Ой, атамыз болтун екен”,- дейді. Болды. Біз немен мақтанамыз?! Қазір сұрасаң: “Ойбай, Шыңғысхан қазақ екен, ойбай, Иса пайғамбар қазақ екен” дейді. Бұл нені білдіреді?! Бұл біздің ұлттың әлі дамып жетіспегендігін білдіреді. Бала деңгейінде екенін білдіреді. Бұл – провинциализм. Өйткені, бүгін мақтанатын ештеңесі жоқ, сондықтан өткенімен мақтанады. Сіз өткенмен мақтанбаңыз. Сіз бүгінмен мақтаныңыз. Иса пайғамбар – еврей, Ассирия тайпасының бір тілінде сөйлегенін жұрттың бәрі біледі. Болды! Қазақ тек ақындық өнермен озамын деуі – бос сөз. Ақындық қазақтан басқа ешкімге керек емес. Бұл “өлеңді таста” деген сөз емес. Ол “бүгінгі күннің кәсібін үйрен, жатпа, алға жылжы, позитив ізде” деген сөз.

Massaget.kz

Ұқсас жаңалықтар

Елдің ішін күңірентіп жіберген, ол да қазақтың бір баласы

admin

С.МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: «Кiмнiң тарысы пiссе, соның тауығы болу» жастарға үлгi етер қылық емес…

admin

Н.НЫҒМАТУЛИН, Мәжіліс төрағасы: Басшылардың жалақысы – бiр миллион теңге

admin