Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықОрнықты ой, орынды сөз

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты: …мемлекет қазынасына қайтаратын кез келді

Үкіметтің халыққа несиелік рақымшылық жасауға қаржылық әлеуеті толық жетеді.Бұл үшін еліміздегі өте бай адамдар мен ірі компаниялар шетелге қыруар қаржы аударғанда оларға салынатын салықты көтеру керек. Қазіргі таңда жыл сайын Қазақстаннан шетелге миллиардтаған қаржы шығарылатыны жасырын емес. Демек, оған тиісті деңгейде салық салынуы керек. Бұл өз кезегінде мемлекет қазынасының артуына септесетіні анық.

Бұдан басқа Қазақстанда қыруар табыс тауып отырған трансұлттық компанияларға салынатын салықты да көтеруді ұсынамыз. Сонымен қатар  мемлекеттік аппараттағы шенеуніктер армиясын қысқартып, оларға жұмсалатын қажетсіз шығындарды қысқартқан дұрыс. Бүгінде бірқатар мемқызметкер қымбат көлік мініп, қымбат жиһаздар алуды сәнге айналдырғаны жасырын емес. Егер осы шығындарды пышақ кескендей қысқартсақ, бюджеттің бүйірі кәдімгідей шығып қалар еді.

Еліміздегі квазимемлекеттік мекемелердің табысының 50 пайызын бюджетке бағыттау керек. Олар қазыналы қазақ жерінің байлығын сыртқа сатып, табыс тапқандарына мәз. Олардың табысының 50 пайызын мемлекетке қайтаратын кез келді.

dalanews.kz

Ұқсас жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚ

admin

Шымкентте спорттық атудан XVI Азия чемпионаты басталды

admin

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КӨБЕЙДІ

admin