Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

Амангелді АЙТАЛЫ: … кеткен ақша – құмға құйған сумен тең

Ғылымға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын әртіс неге магистрант болады? Оған неге мемлекеттің грантын беруіміз керек? Ол бәрібір ғылыммен айналыспайды, жаңалық ашпайды. Бірақ ол мемлекет бөлген тегін грантпен оқиды. Оның орнына ақшасы жоқ, ғылыммен айналысқысы келетін жасты оқытсақ, мемлекетке беретін пайдасы мол болар еді. Яғни мемлекет білімге бөлген ақшасын анау студент арқылы қайтарып алар еді. Әртіс пен әншіге кеткен ақша – құмға құйған сумен тең.

Жалпы, магистратураның мән-маңызы кетті. Магистратураның білім сапасы да нашар. Жүздеген-мыңдаған магистранттар шықты. Олар оқуға қалай түсті? Оны тексеріп, тергеп отырған министрлік жоқ.

Кеңес үкіметі кезінде бір фермада 400 сауын сиыр болса, соның қырық шақтысы ғана сүтті болатын. Қалғаны санақты толтырып жүреді. Қазіргі білім жағдайы солай. Мемлекет 4-5 ұлттық университетке ғана ақша бөледі. Қалғаны өз жанын өзі бағып отыр.

Халық қолдамағанды демократия деу – қателік. Тыйым болмаған жерде мемлекеттің тыныштығы кетеді.

jasqazaq.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қ.ШАМАХАЙҰЛЫ: …тағы бiр майшелпек қосылды

admin

А.НҰРСИЛА, кәсіпкер: …елімізді жаулап алған жемқорлық

admin

Дариға НАЗАРБАЕВА, Сенат төрайымы: Субсидияларды беру механизмі айқын емес

admin