Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныОрнықты ой, орынды сөз

Ерлан САИРОВ, саясаттанушы: Мемлекетіміздің ең өткір мәселесі осы!

Төзбеушілік пен шиеленіс психологиясының негізгі себебі кедейшілік. Халқымыз жұтаң, кедей тұрады. Көпшілігі “сіңірі шыққан” кедей. Мемлекетіміздің ең өткір мәселесі осы!

Сонан кейін “қазақ еріншек”, “қазақ жалқау” деген сөздер заңдылыққа айналған. Шынында, олай емес. Қазақ еңбекқор халық, еңбек етуге жағдай жасау керек.  Ауыл-аймақта жер беру мәселесін алайық. Басқалар келіп, алдап-сулап, әкім-қараларды жағалап жүріп, сол жерді алып кетеді. Қаракөз өз жерінде тұрып, басын сыйпап қалады.

Қаладағы қызмет ету саласына келсе, несиенің үстем ақысы удай. Барлық тапқан-таянғанын банкіге беріп, әзер дегенде құтылады.

Үйленіп, өзіне үй салайын десе, жер жоқ. Заңды он соттығын алайын десе, тағы да жол жоқ. Ал басқа сол жерді ебін тауып, алып кетеді.

Өз үйіңде жетімнің кебі деген осы. Ең бірінші, осы теңсіздікті жою керек. Заң баршаға бірдей. Бізде заң қаракөзге жүреді де, басқаның басын сыйпап, еркелетеді.

Alashainasy.kz

Ұқсас жаңалықтар

АРҒЫМАҚ ЕЛДІМЕКЕНІ КӨГІЛДІР ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin

ШЫМКЕНТТЕ БІРІНШІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРГЕН АРДАГЕРГЕ СЫЙЛЫҚ БЕРДІ

admin

Түркістанда хан көтеру рәсімі өтті

admin