Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

Қ.Ғабдолла, журналист: Әдiлдiк қайда?

25 жыл бұрын Қазақстанда бірде-бір миллионер жоқ еді, қазір оларды санап шығу қиын. Сонда бұл байлық қайдан келді? Мұның бәрі – ұрлық.
Рас, қазір біздің биліктегілер ұлттық ішкі өнімнің 20 есеге өскенін айтып, мақтанады. Шынында, осыдан 25 жыл бұрын бір қорап сіріңкенің 7 ТИЫН (теңге емес) тұрғанын әдейі «ұмытып кетеді»…
Ұлттық ішкі өнім 20 есеге өссе, азық-түлік бағасы, тұрмыстық заттар, коммуналдық қызметтер неше есеге өсті? Мұны шенеуніктер айтпайды. Ұлыбританиядағы ең аз зейнетақының мөлшері қазақ теңгесіне шаққанда 128 мың теңге де, Қазақстандағы ең аз зейнетақының мөлшері 11 мың теңге. Осыны салыстыруға бола ма?
Жыл сайын билік зейнетақының көбейгенін айтып жатады, бірақ, сомасын емес, пайы­зын жариялай­ды. Ал, со­масына келсең, не­бәрі 1,5-2 мың тең­геге ғана көбейеді. Орташа зейнетақы ала­тын қа­рия 37 мың теңгені бір айға жеткізуге тиіс те, 1,5 млн. теңге жа­лақысы бар шенеунік әлгі қа­риямен бірдей ком­­муналдық төлем жасайды. Әділдік қайда? Шенеуніктің жалақысы – зейнеткердің кірісінен 30-35 есе көп. Мұны есептеу үшін қызыл диплом алудың қажеті жоқ қой…

Abai.kz

Ұқсас жаңалықтар

Дархан МЫҢБАЙ, Мәжіліс депутаты: Ал педагигалық әдепті бір рет бұзғаны үшін жазаның екі түрі …

admin

А.АЙТАЛЫ,ф.ғ.д.,профессор:     «Халқым надан болған соң, қайда барып оңайын» дейдi Абай

admin

М.БАҚТИЯРҰЛЫ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ: …ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ ТӘУЕЛДІ БОЛЫП ҚАЛМАЙМЫЗ БА?

admin