Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

М.ҚҰЛ-МҰХАММЕД, Сенат депутаты: Бiзде лоббистiк қызметке қатысты заң да жоқ

Әр ми­нис­тр­лік заң жо­­басын ұсын­ғанда өз министр­лігінің мүд­десін ой­лай­тыны түсінікті. Бюджетті қара­ғанда әкім­дер өз ай­ма­­ғының де­путаттары ар­қы­лы өз облысының мүддесін қорғайтынын да білеміз.
Ұлттық экономиканың да­муы­на қатысты ауқымды заң жобаларына қарағанда ірі компаниялар, қар­жылық-өнеркә­сіп­тік топтар өз мүд­делерін құнттайды. Ерінбегеннің бәрі парламентте лоббистік қыз­метпен айналысып жүр. Ал бізде лоббистік қызметке қатысты заң да жоқ, дамыған елдің бәрінде ол бар. Егер осындай заң болса, біз бәрін анық білер едік… Осыдан келіп мынандай сұрақ шығады: лоббистік қызметке қатысты заң қабылдаудың мерзімі келмеді ме?

«ЖА»

Ұқсас жаңалықтар

Т.ЖАМАНҚҰЛОВ: Қараспан төне бермес, қара бұлт та ыдырар

admin

С.СЫБАНБАЙ, журналист: Мұнда бәрi сатылады…

admin

EXPO-2017 көрмесіне 50 күн қалды

admin