Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

М.Мырзахметов: Әйел бұзылды дегенше, ел бұзылды дей бер

Бүгінгінің байын­да тойым жоқ. Қа­нағат жоқ. Ынсап жоқ. Се­бебі біздің ақи­лар құ­ныққандар. «Ашыққан­нан құнық­қан жаман» дейді. Ме­ні осылардың то­­йым­сыздығы қор­қытады. Дүние-мүл­кі шашылып, іріп-шіріп жатса да тоймайды. Шенеуніктің кедейі жоқ. Құдды мемлекеттік қыз­метке жұмыс істеу үшін емес, баю үшін баратындай.
Анаған-мынаған еліктейміз деп етегімізді аштық. Қайтып жаба алмай қалдық. Қыз мінезінің бұзылғаны сондай – әйел затынан алаяқтар көп шығатын болды. Тіпті ер-азаматтардың қолынан келмейтін қылмысқа баратын болған. Арақ ішу, темекі шегуден жігіттердің алдына түсіп кетті. Ондай әйелден қандай бала туады? Жатырда бүлінген бала ешқашан оңбайды. Ажырасу да көп. Жастай бұзылған қызды қай жігіт жар қылсын? Қазақ «Қызға қырық үйден тыйым, қала берсе есіктегі күңнен тыйым» деп бекер айтпаған. Сондай ел едік қой! Біздің жас кезде «бұзылған қыз» деген сөзді естімейтінбіз. Әйел бұзылды дегенше, ел бұзылды дей бер. Оны түзеу қиын. Еркектер де оңып тұрған жоқ. Жігіттердің бойындағы жалқаулық, нәп­сіқұмарлық дендеп кеткен.

jasqazaq.kz

Ұқсас жаңалықтар

А.ПЕРУАШЕВ, Мәжіліс депутаты: Адамдардың өмірін арзанға бағаламаңыздар

admin

Жауапкершілік жүктелмеген соң, әркім ойына келгенін істеді

admin

Қ.ТОҚАЕВ, Сенат төрағасы: … тиiстi жағдай жасамай отырған шығармыз?

admin