Біз жұрттың талғамын нашарлатып, әлсіретіп алдық. Түкке тұрғысыз әншілер жұлқынып кеп әндерді орындайды, не мағына жоқ, не мазмұн жоқ. Сөзін де өздері жаза салған. Соларға үлкен жиындарда отырған кемпір-шалдарға дейін қол соғып отырады.
Кезінде Гитлерден: “Шығыс жақтан жаулап алған елдерге қандай саясат қолданамыз?”, – дегенде Гитлер: “Оларға ертеден кешке дейін музыка қойып қою керек, кітап оқуға, ойлануға мүмкіндік бермеу керек. Өйткені адам неғұрлым рухани жағынан саяз болса, соғұрлым өзін бақсы сезінеді”, – деген. Қазір сол Гитлердің арманы бүкіл әлемде іске асты.
juldizdar.kz
