Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Мәжіліс депутаты: «Қойшы көп болса, қой арам өледі»

Баспана салудағы тағы бір кемшін тұс – екпіннің баяулығы. Екі жарым жылдың ішінде үй кезегіндегілердің 6 пайызы ғана өз баспанасына қол жеткізген. Алматы облысында 48 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Соңғы үш жылда оған бар болғаны 18,7 млрд. теңге ғана бөлінген. Егер біз осындай қарқынмен тұрғын үй салатын болсақ, тіпті, енді 50 жылдың өзінде кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкін болмайды. «Нұрлы жердің» шапағатын көруге асыққан жұрт жан-жаққа сабылып жүр. Өйткені, мемлекеттік бағдарлама­ны іске асырумен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Баспана», «Қазақстан ипотекалық компаниясы» мен «Бәйтерек» холдингі айналысады. Бір-бірін қайталайтын операторлар санын қысқартуды талап етеміз. «Қойшы көп болса, қой арам өледі».

qazaquni.kz

 

Ұқсас жаңалықтар

Омар ЖӘЛЕЛ, абайтанушы: Шын мәнінде, мемлекетті асырап отырған – халық

admin

ҚАЛИ СӘРСЕНБАЙ: Кезінде бір ауылды бір бай асырап, бір ақсақал басқаратын

admin

Н.ТӨРЕҒАЛИЕВ, Сенат депутаты: … мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлуi қажет

admin
Орнықты ой, орынды сөз

Нұртай Сәбильянов, Мәжіліс депутаты: … халық атқарылған жұмыстарға ренжулі

«Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына тиесілі «Еңбек-Семей» филлиалы сапасыз жұмыс істейді. Осы филиал Аягөз ауданы бойынша 15 ауылда абаттандыру, жарықтандыру жұмыстарын әрі балаларға арналған ойын алаңдарын тұрғызу бойынша құны 150 млн теңгеге 2016 жылы тендер ұтып алған. Мен сол жаққа барып, атқарылған жұмысты өз көзіммен көрдім. Мысалы, Барша ауылында ойын алаңы салынған. Алайда ол балалар ойнайтын алаң емес. Ал, Ақши ауылында жарықтандыру жүргізілген, бірақ бағаналар құлап жатыр. Мен Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтан бұл мәселені жеке бақылауына алуды сұраймын. «Еңбек-Семей» кәсіпорнына істеген бүкіл жұмыстарды өз есебінен қайта жасату қажет. Анау ауылдағы жасалмаған жұмыстарды қайта іске қоссаңыз. Өйткені, ол жақтағы халық атқарылған жұмыстарға ренжулі. Мүмкін әкімдердің арасында аталған кәсіпорындармен байланыс бар шығар.

Қазақстан Заман

Ұқсас жаңалықтар

…мемлекеттік бағдарламалар құрдымға кетіп жатыр

admin

Қ.Шамахайұлы, қаламгер:  …жазушыны түземей-ақ қойсыншы

admin

Т.Әубәкіров: Бар қазақ бiр қазақ емес пе?!

admin