Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

О.ӨКСІКБАЕВ, Мәжіліс депутаты: Бiздiң халқымыз өзi сенгiш

Көптеген механизмдерді іске асырдық. Енді мынау тұрғын үй кооперативтері дегенге келсек, өзінше бір аферистік жолмен ақша табуға тырысқандардың әрекеті деп түсінемін. Біздің халқымыз өзі сенгіш. Оңай жолды көрсетсе соған жүгіріп, қолындағы жиған- тергенін жинап бере салады. Тұрғын үй кооперативтері дегенге ақша салып алданып қалса, оған ешкім кепіл бола алмайды.

Жалпы, мен тағы да ескерткім  келеді. Бізде жұмысы заңменен реттелетін мердігер құрылыс компаниялары көп. Бұрынғыдай у-шу жоқ. Қазір мемлекеттік бағдарламалар жеңілдеді. 7-20-25 бағдарламасының мүмкіндіктері көп. Көпшілігі банктен несие алады. Бірақ оның пайызы қанша, үстінен қайтарылатын қаржы қанша, оны есептемейді. Кейін несиесін қайтара алмай, банкпен арада қиындық туған кезде ғана келеді. Қолындағы келісімшартта бәрі жазылған. Өзі оқымай қол қойып жіберген. Заң тұрғысынан алғанда, банктің талабы дұрыс болып шығады. Сондықтан, жоғарыда айтқан тұрғын үй кооперативі дегенге бармас бұрын жан-жақты тексеріп алу керек.

jasqazaq.kz

«Қазақстан жолы» газеті, №38 (683) 13.10.2018 жыл.

Ұқсас жаңалықтар

Балғынбек ИМАШЕВ, айтыскер ақын: Тағдыр күйреді ғой, тұнығымыз лайланды ғой

admin

Қ.БОЗЫМБАЕВ, ҚР энергетика министрі: … су тасқыны мерзімін белгілеу қажет деп санаймын

admin

А.ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик: Сiз бүгiнмен мақтаныңыз

admin