Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

Омар ЖӘЛЕЛҰЛЫ, ф.ғ.к: Негізінде қазақ адамды көзбе-көз мақтамаған

Бүгінгі таңда адамдар мақтауды маскаға айналдырып алған. Бір-бірін жөн-жосықсыз мақтай береді. Негізінде қазақ адамды көзбе-көз мақтамаған. «Семіздікті қой ғана көтереді» демекші, көзге мақтау адамды бұзады. Өйткені, адам мақтауды көтере алмай қалуы мүмкін. Бүгінгі беталды мақтау, көлгірсулер тіпті жиіркеніш тудырады. Бүгін бір адамға сын айтсаңыз, ол ертең соңыңызға түседі. Сондықтан болса керек, қазір бәрі «әйтеуір, осы зиянсыз ғой» деп бірін-бірі жел сөзбен мақтай береді, мақтай береді. Ал ол мақтан адамды өсіре ме, өшіре ме, бұл ойланарлық мәселе.

«ҚӘ»

Ұқсас жаңалықтар

Жанұзақ ӘКІМ, Бүгінгі зиялылар Абайдың кезіндегі Тобықтының шонжарларына ұқсайды

admin

АГРАРЛЫҚ САЛА ӨЗ ПОЗИЦИЯСЫН ТӨМЕНДЕТІП АЛДЫ

admin

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты: Ондай есеп-қисаптың экономикалық негізі жоқ

admin