Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Руханият

ОСЫ БІЗ…

 

Барамызба осы біз тағыланып,

Қырын кетсең ортаяр бағың анық.
Бəсекесі бой бермес бұл заманда,
Соры қайнап,кімнің жүр бағы жанып.

Барамызба осы біз кердең басып,
Қиға толса қу шеке,елден қашық.
Қарт,жетімі,жесірі жоқтай бүгін,
Бəрі құштар жүруге өрмен басып.

Барамызба осы біз дін сақтамай,
Тапқан Бабам бəріне мұрсат қалай.
Көркем мінез игеріп,иман жиып,
Жол барма екен жүретін бұлтақтамай.

Барамызба осы біз майдаланып,
Кедейге түн не заман,байға жарық.
Отан үшін көңілі ортаймастан,
Əзірлер бар тұруға Айға барып.

Барамызба осы біз ,шетке»-сеніп,
Батыраштар қолымен от көселіп.
Інін қаптай су басқан суырларша,
Қалмайықшы Қазағым текке сөніп.

…Өр қазағым арыңды дара сақта,
Төтеп бер жауын-дауыл,аласатқа.
Отбасы боп,Отан боп оң құралып,
Барайықшы бір сапта,Болашаққа!

О.БАЗАРАЛЫ

Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Ұқсас жаңалықтар

Ұлтымның намысын қорлама, «бiлгiштiгiңдi» басыңа жақ, Баян!

admin

Уаһабилік немесе сәләфилік

admin

03. Біле ме, бұл қазағың Бауыржанын?! Мекемтас Мырзахметов, филология ғылымдарының докторы: Баукеңнің маған берген сабағы

admin