Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Руханият

Шыбынды не үшін жаратты?..

Бір күні халифа Әбу Жағфар Мансұр (95-158/714-775) әдеттегідей сарайында отырады. Кенеттен бір шыбын ұшып келіп жүзіне қонады. Ол шыбынды қағып жібереді. Алайда шыбын қайта айналып келіп жүзіне қонады. Қайта қағып жібереді. Осылайша шыбын бірнеше мәрте халифаның жүзіне қонып мазасын алады. Халифа ыза болады. Есіктің аузында тұрған нөкерлеріне қарап: «Есіктің алдына кім келіп тұр?» деп сұрайды. Нөкерлердің бірі келіп: «Мұқатил ибн Сүлеймен кіруге рұқсат сұрап тұр» дейді. Халифа: «Дереу алдыма кіргізіңдер» дейді. Мұқатил сарайға кіреді. Халифа Мұқатилді көрген бетте: «Алла Тағала шыбынды неге жаратқандығын білесің бе?» деп сауал қояды. Мұқатил еш кідірместен: « Алла Тағағала шыбынды өзін құдіреттімін деп санаған зорларды тәубесіне түсіру үшін жаратты» деп жауап береді. Әбу Жағфардың аузына құм құйылып, ләм-мим деп тіл қатпаған екен.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МҮФТИЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

admin

Терроризм және оның бір түрі

admin

ШЫМКЕНТ: «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЛГІ

admin