Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Бас мақала

Шынайы жанашырлықтың игі істері

????????????????????????????????????

Шардара ауданы аумағында керағар діни ағымардың жетегінде кеткендердің табылатындығына ешкім де дау айта алмаса керек. Аудандағы жағдайды жіті қадағалап, мән-жайды дұрыс талдап, қорытынды шығара білген аудан әкімдігі өзекті мәселені тұрақты бақылауға алып, оң нәтиже беретін ішкі жұмыстарды пәрменді етіп жүргізуде сергектікпен қарайтындығын айтпай өтпеуге болмас. Өзекті мәселені дұрыс жолға қоюдың тізгінін ұстаған аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев ауданның зиялы қауымын, дін саласының қызметкерлерін, ұлтжанды азаматтарды ортақ мақсат жолындағы игі іске бағыттауды жүйелі жолға қойғанын айрықша айтуға болады. Ауданда нақты істердің мазмұндылықпен әсерлі болып өтуі үнемі бақылауда болатындығын көрсетіп айту артық бола қоймас.

А.Үсіпов

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы – елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам

admin

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ЖЕТЕКШІЛІК ЕТЕТІН ОРЫНБАСАРЫ МЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ЕГІС НАУҚАНЫ КЕЗІНДЕ БАРЛЫҚ ӨҢІРЛЕРДІ АРАЛАЙДЫ

admin

Қоғамға қауіпті бес кеселмен күресейік!

admin
Руханият

Шынайы жанашырлықтың игi iстерi

????????????????????????????????????

Шардара ауданы аумағында кереғар діни ағымдардың жетегінде кеткендердің табылатындығына ешкім де дау айта алмаса керек. Аудандағы жағдайды жіті қадағалап, мән-жайды дұрыс талдап, қорытынды шығара білген аудан әкімдігі өзекті мәселені тұрақты бақылауға алып, оң нәтиже беретін ішкі жұмыстарды пәрменді етіп жүргізуге сергектікпен қарайтындығын айтпай өтпеуге болмас. Өзекті мәселені дұрыс жолға қоюдың тізгінін ұстаған аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев ауданның зиялы қауымын, дін саласының қызметкерлерін, ұлтжанды азаматтарды ортақ мақсат жолындағы игі іске бағыттауды жүйелі жолға қойғанын айрықша айтуға болады. Ауданда нақты істердің мазмұндылықпен әсерлі болып өтуі үнемі бақылауда болатындығын да көрсете кеткен жөн. Ауданда 2018 жылғы қаңтарда Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында үлкен кездесу іс-шарасы өткізілген. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Д.Байбеков, «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А.Данияров, ҰҚК-нің өкілдері мен ақсақалдар, дін саласы қызметкерлері  қатысқан. Аудан имамы сөз кезегінде халқымыз «Іштен шыққан жау жаман» демекші, кереағар көзқарасты ұстанушылар Исламның атын жамылатындықтан, діни мәтіндерден (Құран және хадис) өздерінің істеріне дәлел келтіретіндіктен, олармен күрес басқа жат діни ағымдармен күресуге қарағанда өте күрделі және нәтижесі барынша төмен болатындығын ашып айтып өтті. Бүгінгі таңда дін саласындағы орын алып жатқан мәселелерге біршама тоқталып, жиһад, хижрат мәселелерінде түсіндірме жүргізіп, дәстүрлі емес діни ағымдардың қауіп — қатері туралы өте әсерлі етіп баяндап берді. Кездесуге келген қызметкерлердің тарапынан қойылған сауалдарға тиянақты да, тұщымды жауаптар берілді.

Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпа­раттық-түсіндірме топ мүшелері 2018 жылғы16 қаңтарда  Шардара қаласындағы, Шардара мектеп-лицейі мен М.Горький мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп «Кереғар діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында үлкен іс-шара өткізді. Кездесуде білім бөлімінің әдіскері М.Мырзабасов дәстүрлі емес діни ағымдардың жастарға тигізіп отырған зияндылығы мен әсері туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.

Аудан имамы А.Данияров және аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Д. Байбековтер дәстүрлі ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, оның төңірегінде сөз өрбітті. Сонымен қатар, қазіргі таңда жастарымыз діни сауатының таяздығынан кереғар діни ағымдар мен секталардың алдау-арбауына түсіп, олардың торынан шыға алмай жүргендер жайында нақты мысалдар келтіре отырып, дін және діни ағымдар жөнінде кең көлемде мағұлмат берді.

Кереғар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілердің жастарға тигізіп отырған зияндылығы жөнінде түсінік беріліп, ҚМДБ-ның сайттарынан ғана шынайы мәлімет алуға болатындығы айтылып өтті. Сонымен қатар, қоғамымызда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына кеңінен тоқталды. Кездесуде тыңдарманның тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар берілді.

Шардара қаласы Шардара ГЭС АҚ мекемесінің мәжіліс залында «Діни – сауатсыздық діни экстремизмнің бастауы» мекеме қызметкерлерінің қатысуымен үлкен кездесу өткізілді. Бұл кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Д.Байбеков, Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А.Данияров, ҰҚК -нің өкілі қатысты. Кездесу барысында жалған кереғар сәләфилік діни ағымның іс-әрекеттері жайында кеңінен түсіндіріліп, ҚМДБ-ның ұстанып отырған бағыты еліміздің ынтымағын нығайтып, бірлігін арттыру екендігіне жан-жақты мәліметтер келтірілді.

Кездесу соңында аудан имамы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасына, «Ханафи мазхабы және Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы сынды тәлімдік құжаттың  маңызына тоқталып өтті.Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпараттық топ мүшелері 2018 жылғы қаңтарда Шардара қаласындағы, №3 мектеп-интернаттың ұстаздар ұжымымен «Кереғар діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу іс-шарасын өткізген. Бұл кездесуде аудан имамы А.Данияров және аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Д.Байбеков қатысып, дәстүрлі ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, ауқымды түсініктеме берді. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы дәстүрлі емес ағымдардың көбеюіне байланысты, кейбір жастарымыздың діни сауатының төмендігінен жат ағымдар мен секталардың шырмауына түсіп, жүргені  жайында нақты мысал келтіре отырып, дін және діни ағымдар жөнінде кең көлемде мағұлмат берді. Кереғар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілердің жастарға тигізіп отырған зияндылығы жөнінде түсіндіріп, ҚМДБ-ның сайттарынан ғана мәлімет алуға болатындығы жөнінде ескертілді. Сондай-ақ, қоғамымызда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына барынша тоқталып, мазмұны терең мағұлматтар берілді.

А.ҮСІПОВ.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАСИЕТТІ АЙДА МҰҚТАЖ ЖАНДАР ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

admin

Түркістанда «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» акциясы өтуде

admin

БӘРІНІҢ ҚАЙЫРЫ БАР! (ӘБУ ХАНИФА ӨСИЕТІ)

admin