Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныСаясат

ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына артиллериялық зеңбіректен 25 дүркін оқ атылады

Ағымдағы жылғы 7 және 9 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай от шашу өтеді. Бұл туралы BNews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

От шашу сонау Ұлы Отан соғысы кезінен бастап қазіргі уақытқа дейін жарақтандыруда тұрған және Ұлы Жеңістің нышаны болып табылатын 76 миллиметрлі зеңбіректерден артиллериялық дүркін оқ атулармен жүргізіледі.

Салют 2 заманауи от шашу құрылғысынан керемет мерекелік от шашумен ұласады. Олардың әрқайсының 173 бағыттаушысы бар. Мерекелік іс-шара, яғни, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай артиллериялық зеңбіректерден 25 дүркін оқ атылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары ағымдағы жылғы 7 және 9 мамырда мерекелік от шашуды Есіл өзенінің жағалауында сағат 22.00-де тамашалай алады.

Ұқсас жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖҮЙЕЛІ НЕГІЗДЕ ЖОЮ ЖӨНІНДЕ ЖОСПАР ӘЗІРЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ

admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС САПАЛЫ ЖҮРІП, МЕРЗІМІНДЕ АЯҚТАЛУЫ ТИІС

admin

СТУДЕНТТЕРГЕ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin