Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Шындықтың жүзі

Ақырзаман осы ма?

Бүгінде ұлтымызға жат, жаға ұстататын жағдайлар көптеп белең алып кетті. Таяуда ШҚО-да 15 жастағы оқушы бір әйелді зорламақшы болғаны nur.kz парақшасында жарияланыпты. Полицияға арызданған азаматшаның сөзінше, кешқұрым көше бойында оған белгісіз бозбала тап беріп, оны зорламақ болған. Алайда егде әйел зорлаушыға тойтарыс беріп, құтылған соң тәртіп сақшыларына шағым түсірген. Арыз бойынша полицейлер 15 жастағы бозбаланы ұстағанда, ол өз кінәсін мойындаған.
Қалым елім, қазағым, есітемін, көремін деген сұмдығың ба еді, бұл. Бала ананы зорламақ болса, ақырзаман деген осы шығар.
Қазақтың құлдырауы деген осы шығар, бәлкім. Ұрлық-қорлық, адам алдау, арбау, тіпті ең сорақысы адам өлтіру де күннен-күнге желідегі ең көп тараған тақырыптарға айналды. Заман кінәлі ме, адам кінәлі ме? Заманды өзгертетін адам емес пе? Бұл сорақылықтардың барлығы кімнің қателігінен болып отыр? Не десекте бұл жауаптың шешімін таба алмасымыз анық.

Ұқсас жаңалықтар

Педофильдер тағы қанша баланың өмiрiмен ойнамақ?

admin

ҚАРШАДАЙ БАЛА МҰНША ҚАТЫГЕЗДІКТІ ҚАЙДАН АЛЫП ЖҮР?

admin

EXPO-2017 көрмесіне 50 күн қалды

admin