Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Поэзия әлеміШындықтың жүзі

АЗАТТЫҚ-АҢСАР

Оңай ма екен тарих салған талқылар?

Пәрмен сонда жоқ қылар да, бар қылар.

Қалың көштің Қаратаудан шұбырған

Қасіреті қара нарға артылар.

 

Қарындастың көзден жасы сорғалап,

Кәрі-жасы қас жауынан қорғалап,

Тығырыққа тірелген шақ қазақтың –

Қыл көпірше шайқалақтап сор мен бақ.

 

Дәл қасында қиямет пен күллі азап,

Шер ғасырда не көрмеген бұл қазақ?

Азап пенен қазақ егіз туғандай,

Қашан ғана тойтарылар бұл мазақ?!

 

Қара терін, қызыл қанын төккендер,

Көкіректе шым-шым қайнап көп шерлер,

Шер мен кектің нажағайы жарқылдап,

Бұлқан-талқан бұлттанған көк пен жер.

Қорғанбек АМАНЖОЛ

Ұқсас жаңалықтар

О, менің дана бабам. МӨҢКЕ БИ бірде:

admin

Ақ пен қара. Қойлыбаевтың «қойыртпағына» әкiмдiк бiр жыл қарап отыра бердi ме?

admin

ОТЫРАРДАҒЫ ОТЫЗ ШАҚЫРЫМ КАНАЛҒА 6 МЛРД (!) ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

admin