Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

1 МАМЫРҒА ДЕЙІН ӨҢІРЛЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТҮПКІЛІКТІ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ТАПСЫРЫЛДЫ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен бүгінгі Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық және елдімекендерді газдандыру мәселелері қаралды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов аймақтарды газдандыру барысы туралы баяндама жасады.  Министр «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының қуатын ұлғайтқаннан кейін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2-3-ші кезеңдерін салу арқылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды жүзеге асыруды  ұсынды. Премьер-Министр аталған ұсыныстар бойынша түпкілікті шешімді 1 мамырға дейін қабылдауды тапсырды.

Мегаполистің даму жоспарына сәйкес былтыр елдімкендерді газдандыру мақсатында 18 нысанның құрылыс жұмыстары  жүргізілді.  Нәтижесінде қаладағы 81 елді мекеннің 31-і жартылай газбен қамтылмаған. Сондай-ақ 2 магистралды желі мен 8 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 28 мыңнан астам адамға табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік берілді. Жоспарға сәйкес 8 нысанның құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2025 жылы елді мекендер 100 пайыз газдандырылады.

Сондай-ақ Үкімет басшысы тозығы жеткен газ желілерін тұрақты бақылау қажеттігін ескертті.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңбыр неге көбейiп кеттi?

admin

Шымкентте коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерді емдеуге арналған инфекциялық стационар ашылды.

admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАДА БІЛІМ ЖАРЫСТЫРДЫ

admin