Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

№45 МЕКТЕПКЕ ЖАПСАРЛАС ҒИМАРАТ САЛЫНУДА

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов  № 45 мектеп-гимназиясының жанына салынып жатқан қосымша құрылыстың жұмыс барысымен танысты. Құрылыс Ш. Қалдаяқов көшесінің бойында 1,2909 га жер аумақта жүргізілуде.

300 орындық жапсарлас ғимараттың бас мердігері – «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС-ы. Жоба бойынша мұнда жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қарастырылған. Әрбір сынып 25 оқушыға шақталған 12 сынып болмақ. Сонымен бірге қосымша 33 жаңа жұмыс орны құрылады. Құрылысы наурыз айында басталған нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.

Шаһар басшысы құрылыс жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы орындалуын тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

«AMANAT»: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКАҒА СҰРАНЫС АРТТЫ

admin

ТҮРКІСТАНДА ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНЫП ЖАТЫР

admin