Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Абайлаңыз: алаяқтықтың жаңа түрі пайда болған

  Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, “Facebook” әлеуметтік желісінде халықаралық компанияның атын жамылып жазған белгісіз азаматтың жіберген жарнамасына сілтеме арқылы кіргенін айтқан. Сөйлесу барысында оның “сілтемелер жібере отырып биржалық нарықта ақшалай қаражатты көбейтіп беремін”, деп айтқанын көрсеткен. Содан жәбірленуші әйел өз үйінде болған кезінде белгісіз адам сеніміне кіре отыра 17 миллионнан астам теңге көлемінде ақшалай қаражатын “Meta Trader 4” бағдарламасына салғызып, иемденіп алған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен СДТБТ-не тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде полиция қызметкерлері, алаяқтың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамға сенбеуді, оның арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Сондай-ақ, өзге адамдарға ақша аударымдарын жасамауға және жеке мәліметтерді бермеуге кеңес береді. Айта кетейік, бүгінде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктілерді іздеп жатыр.

         Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік полицейлер алаяқтық қылмысын ашты

admin

Астанада ШЫҰ саммиті өтеді

admin

Шымкент: 18 жасар студент автокөліктен әуен тыңдайтын құрылғыларды ұрлап кетті

admin