Соңғы жылдары халықаралық терроризм ауқымы, келтірген залалдары мен жиілігі бойынша адамзаттың үлкен проблемаларының біріне айналды.
Сондықтан мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының терроризм мен экстремизмге қарсы күресте атқарып жатқан іс-шаралары қоғам тарапынан жан-жақты қолдау тапқан кезде ғана нәтиже беретіні іс жүзінде дәлелденген.
Осыған байланысты ИЧ-167/3 мекемесінде дінге сенуші сотталған азаматтарға ҚМДБ-ның уәкілі, «РАНТ» мүшесі Қарақұлов Еркебұлан ағамыз «Адасқанн ағымның түбі – жаза» тақырыбында дәріс өткізді. Бұл дәрісте ол жат ағымның құрбанының ең алғашқы факторлары білімсіздікпен, санасыздықтан екенін айтып өтті. Оған қоса Ислам дініне шариғи тұрғыдан да, діни тұрғыдан да қарама- қайшы келетін іс-әрекеттердің көп екенін дәлелдермен түсіндірді. Іс шара өте қызықты, жан-жақты сұрақ-жауаптармен әсерлі болып өтті.
Бұл іс-шарада жат ағымның құрбаны болып, жазасын өтеп жатқан сотталғанның өкінші турасындағы қысқа метраждағы бейне фильмдерді де, көрсетіп, сотталған азаматтардың түзелуіне ықпал жасадық десек қателеспейміз. Іс-шара соңында келген қонақтар Шымкент қаласы бойынша дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы А.Уралбаев, ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаментінің 3ДЭ басқармасының жедел уәкілі Н.Сәрсембаев өздерінің жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға қонымды сөздерін айтып, алдағы уақытта түзелу жолына түсіп, отбасына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.
Д.Шермуханбетов, ИЧ-167/3 мекемесінің САӘПТЖБ бөлім бастығы, әділет майоры.
