Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН БӘРІМІЗ ЖӘНЕ ӘРҚАЙСЫМЫЗ ҮШІН

ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың сенімді өкілдері «Қайнарбұлақ» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өткізді. Қоғамдық штаб мүшелері кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстырды.
Сенімді өкілдер Имашев Қайрат, Талғат Балтабаев, Айжан Наимбекова халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарда екенідігін атап өтті. Қалада да, ауылда да жайлы өмір сүруге жағдай жасалады. Тұрғындар таза ауыз суға, сапалы жолға, жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді. Ауылдар газдандырылып, жаңа әлеуметтік нысандар бой көтереді.
Спикерлер кездесуге қатысқан азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін тыңдады. Тұрғындар Сайлау күні Қасым Жомарт Тоқаевтың жанынан табылатынын жеткізіп, сайлаушыларды Әділетті Қазақстан үшін дауыс беруге шақырды.

#ДауысберТоqaev2022

Ұқсас жаңалықтар

• ЕЛ ИГІЛІГІН БАРЛЫҚ АДАМ БІРДЕЙ КӨРЕДІ

admin

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin