2021 жылдың 24 маусымында Шымкент ҚПД Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда белгісіз тұлға ауласындағы кептіріліп, буылған шөбін ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының №39 УПП учаскелік полиция инспекторлары Кинология қызмет орталығының Альфа лақап атты итімен жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық жайтына күдікті жергілікті тұрғынды анықтады. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.
