Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Бас мақалаБилік және халық

AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ДАУЫС БЕРДІ

Шымкент қаласында ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өтуде.
AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева №79 референдум учаскесінде дауыс беріп, іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

— Бүгін еліміздің тарихындағы маңызды іс-шарада халық өз таңдауын жасап жатыр. Референдум халықтың арасында көп талқыланды. Конституцияға енгізілетін өзгерістер болашақта қоғамның, жекелеген азаматтардың және келешек ұрпақтың өмір сапасының жақсаруына әсер етеді. Өзім отбасыммен келіп, өз таңдауымды жасадым. Бұл Жаңа Қазақстанның болашағы үшін жасалған таңдау деп білемін, — деді Жанат Әлібекқызы.

Н.Төреқұлов атындағы №62 жалпы орта мектепте орналасқан референдум учаскесінде қала тұрғындары белсенділік танытып, дауыс беруде.

Ұқсас жаңалықтар

Елбасы Өзбекстан президентімен бірге Ташкенттегі Төле би мавзолейіне барды

admin

Итоги проектного офиса «Адалдык аланы» по искоринению бытовой коррупции за 9 месяцев 2020 года

admin

Тұран ауданында көші-қон заңнамасын бұзған 117 адам жауапқа тартылды

admin