Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

АРҒЫМАҚ ШАҒЫН АУДАНЫ БИЫЛ АУЫЗ СУМЕН ЖӘНЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы Арғымақ шағынауданында 200-ден астам халық қоныстанған. Елді мекенде инфрақұрылыммен қамту жұмыстары атқарылуда. Бұл туралы аудан әкімі Б.Парманов қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен болған кездесуінде баяндады.

Аудан әкімінің айтуынша, аталған шағын аудан сапалы электр жарығымен толық қамтылған. Ауыз сумен қамту үшін «Реголит» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мәселесі шешімін табады.

Ал, «Энергоресурс» ЖШС табиғи газ тарту бойынша құрылыс жұмыстарын атқаруда. Газ жүйелері құрылысын 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен бірге, осы жылы шағын ауданда 6 шақырымға шағал тас төселеді және сапалы интернетпен қамту үшін базалық станңия орнатылуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОҚУШЫЛАРҒА ТАНЫМДЫҚ ДӘРІС ЖҮРГІЗДІ

admin

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

admin

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin