Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

АРЫС: 725 ОҚУШЫ ДЕМАЛЫСҚА ЖІБЕРІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс қаласында өткізді. Мәжілісте балаларды жазғы демалыспен қамту мәселесі де сөз болды. Бүгінде Арыс қаласынан 725 бала еліміздің өзге өңірлеріне демалысқа және саяхатқа жіберілген.

Атап айтсақ, Жамбыл облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Бурабайда да арыстық өрендер тынығып жатыр.

Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықованың айтуынша, жазғы лагерьлерге 4000-нан астам оқушыны жіберу көзделген. Осы аптада тағы 500 бала демалысқа жіберіледі деген жоспар бар.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан, қала әкімдеріне өздері басқаратын аумақтардағы демалыс орындарына арыстық оқушыларды көптеп тарту жөнінде тапсырма берді.

Сонымен бірге мәжілісте Арыс қаласындағы 3 мыңнан астам ардагердің 2 мыңдайын облыстық ардагерлер үйлеріне демалысқа жіберу мәселесі де сөз болды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта нақтылана түспек.

Ұқсас жаңалықтар

Жалдамалы пәтерде есірткі өсірген: Шымкентте екі фитозертхана жойылды

admin

Шымкент: жергілікті тұрғыннан есірткіге ұқсас зат табылды

admin

КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ ТҮРКІСТАН

admin