Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

«AZALA COTTON» ӨНДІРІС КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУДА ЖАҢА ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ

Шымкенттік «Azala Cotton» фабрикасында 200 жаңа жұмыс орны ашылады. «Оңтүстік» АЭА аумағында орналасқан мақта иірімін шығаратын елдегі бірегей фабрика қазіргі таңда аралас иірім жіп шығаратын жобаның II кезеңін іске асыруда. Бұл жаңа өндірістік желіні іске қосу, өндіріс көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Жобаның II кезеңінің жалпы инвестиция құны 1 960 млн теңге,  өндірістік қуаттылығы жылына – 2,5 мың тонна. Бұл жұмыстар 2019 жылдың соңында басталып, 2020 жылы компания «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 578 млн теңге көлемінде қаржы алды.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, өндірістік ғимарат салынып, ішкі бөлігін безендіру және жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоба жыл соңына дейін іске қосылады деп күтілуде.

Айта кетейік, зауыттағы  инвестицияның жалпы көлемі 7,07 млрд.теңге. Бүгінде кәсіпорында 300-ге жуық адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Фабриканың өндірістік қуаты жылына 6 мың тонна мақта-мата иірімжібін шығарады. Компания өнімінің 90 пайызы Ресей және Қытайға экспортталады.

Ұқсас жаңалықтар

Ғ.Әбдірахымов: «Құрылыста жергілікті тауар өндірушілердің өнімі қолданылуы қажет»

admin

ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

admin

«БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨБЕЙТІП, ЖҮКТЕМЕСІН АЗАЙТУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР»

admin