Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

БАУ-БАҚШАСЫ ЖАЙҚАЛҒАН ТҮРКІСТАН

Түркістан қаласында былтыр отырғызылған алма ағаштары жеміс бере бастады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһардағы бау — бақшаға бөленген ерекше саябақтарды аралады. Облыс әкімінің тапсырмасымен саябақтар мен орталық көшелердің бойына жеміс ағаштары отырғызылған болатын. Жасыл желекке бөленген көне қалада көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді.

 

Аймақ басшысы Нұр-Сұлтан алаңы, оқушылар сарайы, ашық стадион, цифрлық кеңсе мен Бассейні бар спорт кешені, қалалық саябақтардағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Жобалардың іске асыру барысы туралы Өмірзақ Естайұлына Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов баяндады.

 

Облыс әкімі құрылысы аяқталуға таяған нысандарынды аралап, мердігер компаниялардың өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген бірқатар жаңа нысанды алдағы күзде пайдалануға тапсыру көзделген.

 

Басқармалар ғимаратының құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, жиһаздары орналастыруда. Департаменттер ғимаратының сырты абаттандырылып, қасбетіне ою-өрнек орнатылуда. Конгресс орталығында да  жұмыс қызу жүріп жатыр. Құрылысқа 300-дей жұмысшы жұмылдырылған. Рухани-мәдени орталығындағы жаңа нысандардың қасбеті қапталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласында «Тәуелсіздік және Түркістан тарихы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «МАҚТААРАЛДА ЖАҢА АУРУХАНА САЛЫНАДЫ»

admin

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕН ШАЛЫНҒАН ҚОҢЫРАУ АРҚЫЛЫ 5 ТҰЛҒАНЫҢ ҮСТІНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

admin