Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

БІР ТӘУЛІКТЕ МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮРКІСТАНДЫҚ КОРОНАВИРУСҚА ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

Түркістан облысында соңғы бір тәулік ішінде 944 азаматтан коронавирус инфекциясын анықтайын сынама алынды. Тапсырылған барлық тест теріс нәтиже көрсетіп, ешбір азаматтан ауру анықталмады. Ресми мәлімет бойынша, соңғы екі тәулікте Түркістан облысында Covid-19 инфекциясы мүлдем тіркелмеген.

 

Қазір ауруханалардағы инфекциялық стационарларда небәрі 31 науқас covid-19 індетінен ем қабылдауда. Жалпы, жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарға арналған 600 төсек орынның 484-і бос тұр. Пневмония және тұмаумен 85 адамға ем көрсетілуде. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

 

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, облыс бойынша Сovid-19 инфекциясын жұқтырған 3322 жағдай тіркелген. Оның ішінде 3168 науқас медицина қызметкерлерінің көмегімен сауығып шықты. Жалпы, күні бүгінге дейін өңірде 130061 азаматтан коронавирус инфекциясына қатысты зертханалық полимеразды тізбекті реакциясына сынама қабылданған.

Ұқсас жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗШЫЛЫҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ БІРІНШІ БАСШЫЛАРҒА ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

admin

МЕКТЕПТЕР САНЫ АРТУДА

admin

ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

admin