Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

«Bir Tolqynda» бас қосты

Бүгін «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының коворкинг орталығында «Bir Tolqynda» ашық диалог алаңы аясында «Қазіргі Қазақстандағы жастардың азаматтық автивизмін» талқылау отырысы өтті.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, фракция жетекшісі, штаб мүшесі Б.Тулегенов, және Ж.Білісбеков, Е.Жүнісбек қатысты. Қоғамдағы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші – жастар. Қазір жиында отқан сіздер рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақсыздар.
Алдағы Президент сайлауы – еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан. Әрбір азаматымыз – біртұтас Қазақстан халқының ажырамас бөлшегі. Отанымыздың болашағы – сіздердің қолдарыңызда.
Қазіргі таңда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастардың өсіп-өркендеуі үшін бәріне бірдей әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктер ұсынып отыр. Кешегі күні «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділерімен кездескенде айтқан сөзінде жастар саясатын түбегейлі қайта қарап, «Жастар үшін» деген қағидаттың орнын «Жастармен бірге» деген қағидаттың басатындығын жеткізді.
Ең басты байлығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұрпаққа мирас ету бүгінгі буынның қасиетті парызы. Осы жауапты сәтте әрқайсымыз өз тарихи таңдауымызды жасауымыз керек. Бұл – ел тағдырына ықпал ететін маңызды қадам.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ЭКСПОРТЫН ҰЛҒАЙТУ ЖОСПАРЛАНУДА

admin

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

admin

ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАУ – ҰЛЫ МІНДЕТ

admin