Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

БОЗАРЫҚ-3 ШАҒЫН АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ МЕКТЕБІ САЛЫНУДА

Шымкент қаласы Бозарық-3 шағын ауданындағы Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің жанынан қосымша тағы спорт мектебі салынуда. Қала әкімі  М.Әйтенов бүгін аталмыш ғимараттың құрылыс алаңында болды.

Аумағы — 0,3200 га. Жобаға сәйкес — нысанда бір ауысымда 10-нан 23 жас аралығындағы 100 оқушы жаттыға алады. Бірінші қабатта — ауыр атлетика залы (олимпиадалық штанга 190кг. 180 кг., тренажерлер), киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер (ерлер — 64 орын, әйелдер — 36 орын), тренерлер бөлмесі,  16 орынға арналған асхана, медпункт, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері болады. Ал, екінші қабатта — әмбебап спортзал (күрес, греко-рим күресі кілемдері, дзюдо татамиі, бокс рингі), жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған.  Құрылыс жұмыстары 2023 жылы ақталады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Сервистік полиция аясындағы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша кездесу өтті

admin

Шымкенттік полицейлер құрылыс жабдықтарын жеткізіп алып, ақшасын төлемеген алақты анықтады

admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin