Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ДЕПУТАТ АЛҒЫС АРҚАЛАДЫ

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Мұрат Жолдыхожаев халық алғысына кенелді. Ол «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен қолға алынған ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 қайырымды іс» атты акциясы аясында №55 балабақша ауласына өз қаржысы есебінен автотұрақ салып берді.
Депутаттың бұл демеушілігі балабақшаға баласын ертіп баратын қаншама ата-анаға ыңғайлылық сыйлады. Халық қалаулысына автотұрақ салып беру туралы өтінішті Абай ауданы «Солтүстік Батыс» мөлтек ауданы тұрғындарының атынан ауыл билері айтқан болатын. Аға буынның өтініш-тілектеріне бей-жай қарамаған депутатқа жергілікті тұрғындар алғыс білдіріп, рахметін жаудыруда.

Ұқсас жаңалықтар

«ТӨРЕЛІК» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ АРТУДА

admin

Көпбалалы анаға мемлекет тарапынан ақша өндіріп беремін деген алаяқ анықталды

admin

ОҚО-да ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға бағытталған семинар өтті

admin