Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Есірткі тасымалдаумен айналысқан Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

   Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері               4 келіге жуық марихуана  тасымалдаған ер адамды құрықтады. Тергеу барысында күдікті  Жамбыл облысынан Шымкент және Түркістан облысына есірткі тасымалдап жүргені анықталды. Ұсталған азамат Шымкент қаласы ПД-нің Уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

        Қазіргі таңда полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 297- бабы “Есірткі, психотроптық заттарды,сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Заң бойынша бұл қылмысты жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері есірткінің кез келген заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ПЕН СИАНЬ ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТАДЫ

admin

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 17 КӨШЕ ЖӨНДЕЛІП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin