Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДА ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН 189 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймақтары мен көлік-логистикалық аймағы және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді.

Бүгінде бұл аймақтарда Түркия, Қытай, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Еуропа, Таяу және Қиыр Шығыс елдерінен келген шетелдік және қазақстандық  инвесторлардың қатысуымен 11 мың жұмыс орнымен 300 млрд.теңгеге 189 жоба іске асырылуда. Оның ішінде бүгінгі таңда 160 млрд. теңгеге 124 жоба іске асырылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Бұдан бөлек, қалада жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы құрылуда. Мұнда машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және т. б. салаларда 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 200 млрд. теңгеден астам сомаға 50-ден астам ірі инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Ө.ШӨКЕЕВ: НЕМҚҰРАЙЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМДЫ ГАЗБЕН ҚАМТИТЫН ГАЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin