Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Қара темір ұрлап кеткен шымкенттіктер ұсталды

2021 жылдың 3желтоқсанында Еңбекші АПБ-на «102» нөміріне жергілікті тұрғын арызданды. Ол онда белгісіз тұлғалар үйінің ауласынан құны 17 000 теңге құрайтын қара темірлерін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғындары анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Қазіргі таңда қара темір ұрлаған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тергелуде. Аталған азаматтардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері ұрлық жайты орын алмас үшін заттарыңызға мұқият болып, яғни сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

ДДҰ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ПАНДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

admin

Дала орман өрттерін алдын алу

admin

Challenge. Сенің жаңа қырың!

admin