Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

«Қару» іс-шарасы барысында 683 қару иелері тексерілді

Ағымдағы жылдың 17-қазаннан бастап Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты — азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр.  Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін 683 қару иелері тексерілді. 19 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз айналымнан 6 қару тәркіленіп алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2022 жылдың 26-қазанға дейін жалғасатын болады.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік полицейлер пәтерден танысының тонын (шубасын) ұрлаған азаматшаны ұстады

admin

ЕҢ ТӨМЕНГІ КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР АРТАДЫ

admin

МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 2-3 РЕТ ӨНІМ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ 230 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЕНГІЗІЛДІ

admin