Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БИЫЛ КҮЗДЕ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУДІ ҰСЫНДЫ

«Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын». Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.

«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын», — деді Мемлекет басшысы.

«Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2 АЗАМАТЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 42500 ТЕҢГЕНІ 540 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЛҒАН

admin

КЕЗЕКТІ «АШЫҚ МИКРОФОН» АЛАҢЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙЫНША ТОЛЫМДЫ АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

admin