Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

КЕНТАУДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ КҮШ САЛЫНҒАН

Кентауды қауіпсіз қалаға айналдыру үшін жан — жақты жұмыстар атқарылуда.
Қала әкімі Даурен Махажанов қала тұрғындарының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды жүзеге асыруға тапсырма берді. Мәселен, жаңа бағдаршамдар, жасанды жол кедергілерін орнату мен жаяу жолаушылар өткелін салу жұмыстары. Бүгінде аталған жұмыстар кестеге сай жүргізілуде.
Биыл осы мақсатта қалада жалпы 11 көшенің қиылысына 160-қа жуық бағдаршам орнату мен маңызы бар орталық 21 көшеге жаяу жолаушылар өткелін салу жоспарланып отыр.
Бүгінде барлық бағдаршамдар орнатылды. Қаланың 4 көшесінің қиылысындағы бағдаршамдар дыбыстық жүйеге қосылған. Бұдан бөлек, 21 көшеге жаяу жолаушылар өткелінің он бір сызбасы (зебра) сызылды. Қалған 10-ы осы айдың соңына дейін аяқталады.
Айта кетейік, жыл басынан бері Кентау қаласының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шаралар негізінде қала аумағындағы жол апатының саны азайған.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АШЫҚТЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН OPEN SPACE ҮЛГІСІНДЕГІ 1 КЕҢСЕ ЖӘНЕ 5 ФРОНТ ОФИСПЕН ТОЛЫҚТЫ

admin

Шымкентте Антикор мен полиция бірлескен жұмыс нәтижелерімен бөлісті

admin

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАУЫН САЛДАРЫНАН ЗАҚЫМ КЕЛГЕН ҮЙЛЕРДІ САРАПТАУ ЖҮРІП ЖАТЫР

admin