Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Көшеге қоқыс тастаған тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды

Шымкенттік полиция қызметкерлері көше бойына қоқыс тастаған жайттарды анықтау мақсатында күнделікті профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр.
Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері Шаймерденов көшесінің 35 үйінің бойына қоқыс тастап, қалалар мен елдімекендерді абаттандыру қағидаларын бұзған жайтты анықтады. Аталған жайт бойынша, жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына тазалықта сақтауға шақырады, сондай-ақ абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Қаламыздың тазалығы – әрқайсымыздың қолымызда.

Ұқсас жаңалықтар

«Отырар» колхозын көркейткен Ордабай

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН АЗАМАТТАРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛУДА

admin

Ө.ШӨКЕЕВ: «БӘРІМІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ – ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСУ»

admin